Мәскеуде ТМД Үкімет басшылары кеңесінің отырысы өтті

Мәскеуде ТМД аясындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланып жатыр. Онда Достастық елдері Үкімет басшылары кеңесінің кезектен тыс отырысы өтті, деп хабарлайды Kazinform.

Мәскеу
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Саммит Ресей үкімет үйінде өтіп жатыр.

Кездесуде түрлі мәселелер бойынша пікір алмасу жоспарланған. Ресей тарабының ұсынысы бойынша мәдени-гуманитарлық өзара іс-қимылды нығайтуға баса назар аударылады.