Мәскеуде ҰҚШҰ елдерінің қорғаныс министрлері, сыртқы істер министрлері және қауіпсіздік кеңестерінің хатшылары бас қосты

МӘСКЕУ. Ақпанның 4-і. ҚазАқпарат /Арнұр Рахымбеков/ - Бүгін Мәскеудегі «Президент-отельде» Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының Сыртқы істер министрлері кеңесінің, Қорғаныс министрлері кеңесінің және Қауіпсіздік кеңесінің хатшылары комитетінің бірлескен отырысы өтті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Кездесуге Қазақстанның атынан Сыртқы істер министрі М.Тәжин, Қорғаныс министрі Д.Ахметов, Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Қ.Сүлейменов қатысты. Мәжілісте сөз болған басты мәселелердің бірі - ҰҚШҰ Жедел әрекет ету ұжымдық күштері туралы шешімнің жобасы болды. Ұжымдық қауіпсіздік жүйесін дамытуға басты серпін Қазақстанда желтоқсан айында өткен ҰҚШҰ елдері мемлекет басшыларының бейресми кездесуінде берілген болатын. Сол кездесуде президенттер Ұйымның қазіргі және әлеуетті ығыттардың кез-келген санатына жедел тойтарыс бере алатын ұжымдық күш-қуат әлеуетін құру мәселесін талқылап, Жедел әрекет ету ұжымдық күшін құру туралы түбегейлі келісімге қол жеткізген еді. Осыған байланысты, мемлекет басшылары Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының бас хатшысына қауіпсіздік кеңестерінің аппараттарымен бірлесе отырып, бір ай уақыттың ішінде қажетті нормативтік-құқықтық құжаттарды дайындау, ал нақты шешімдерді Мәскеуде өтетін Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс саммитінде қабылдау туралы тапсырма берген еді.
Соңғы жаңалықтар