Мәскеуде ҰҚШҰ-ға мүше-елдер басшыларының тар ауқымдағы кездесуі өтуде

МӘСКЕУ. 15 мамыр. ҚазАқпарат - Мәскеуде Үлкен Кремль сарайында ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс мерейтойлық сессиясы  өтуде.
None
None

«Бүгін біз ҰҚШҰ қызметінің негізгі қорытындыларын шығаруымыз керек. Біздің ұйымымыз соңғы жылдары өзін жақсы көрсете алды, нығайып, салиқалы бола түсті деп санаймын. Ол өзінің жауапкершілік аумағында ұжымдық қауіпсіздікті ұстап тұруда іскерлі құралдардың бірі болды», - деді РФ президенті Владимир Путин кездесудің ашылуында.

«Қол жеткізген табыстарға тоқтамау керек, ҰҚШҰ қызметінің бірқатар бағыттарын тиімді етіп, халықаралық аренада біздің қызметтеріміздің үйлесімді болуына ұмтылуымыз қажет», - деді ол.

ҰҚШҰ ҰҚК-нің сессиясы тар және кеңейтілген құрамда өтеді. Пленарлық кеңесте ұйымның 10 жыл ішіндегі қызметінің қорытындысы жөнінде мәселе қарастырылмақ, оның қорытындысы бойынша Декларацияға қол қойылады.

Сессияға Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан елдерінің президенттері, сондай-ақ ҰҚШҰ Бас хатшысы қатысуды.

Соңғы жаңалықтар