Мәскеуде ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің 9-ыншы Халықаралық ғылыми-тәжірибелік бейнеконференциясы өтеді

ҰҚШҰ-ның баспасөз хатшысы Владимир Зайнетдиновтың хабарлауынша, мәслихат 15 мамыр күні тойланатын Ұжымдық қауіпсіздік туралы келісімнің 20 жылдық мерейтойы мен ҰҚШҰ-ның 10 жылдығына орайластырылған. Форумда ҰҚШҰ-ның бас хатшысы Николай Бордюжа баяндама жасайды.
Мәслихат жұмысына РФ федералдық мемлекеттік органдарының өкілдері, сыртқы істер, қорғаныс министрлері және ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттер қауіпсіздік кеңестерінің хатшылары қатысады. Сондай-ақ шарада Парламент депутаттары, ҰҚШҰ-ның Біріккен штабының, ТМД-ның лаңкестікке қарсы орталығының, халықаралық ұйымдардың жетекші қызмектерлері, саясаттанушылар мен қорғаныс және қауіпсіздік саласындағы жетекші сарапшылар, БАҚ өкілдері болады.
Қатысушылар ҰҚШҰ қызметінің маңызды мәселелері мен оның аймақтағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етудегі әлеуеті, дағдарыстық жағдайларды реттеу бойынша ұйымдастыру тетігінің жауапкершілігі, деструктивті күштер мен үрдістерге ұжымдық қарсылық таныту жүйесінің жетілдіру міндеттері, НАТО-мен ынтымақтастықтың мәселелері мен Ауғанстаннан келетін қауіп, Иран жағдайы, бітімгершілік, сондай-ақ ҰҚШҰ мүшелерінің парламентаралық қызметі - аймақтық және ұлттық қауіпсіздік саласындағы заң шығару негіздерін жасау мәселелерін ортаға салады. Бейне мәслихат байланысы Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстанның ТЖ бойынша ситуациялық орталықтарын байланыстырады.
Мәслихатта сондай-ақ, төтенше жағдайлардың алдын алудың біріккен үлгілері мен олардың салдарын жою, ақпараттық қауіпсіздік, бірыңғай ақпараттық саясаттың үйлесімдігі мәселелерін қарастырады.
Шараны РФ кеңесінің аппараты мен РФ ТЖМ-нің дағдарыстық жағдайларды басқарудың ұлттық орталығындағы ҰҚШҰ-ның хатшылығы өткізеді.