Мәскеуде ҰҚШҰ мен ЕҚЫҰ бас хатшыларының кездесуі өтті

Н.Бордюжа екі ұйым арасында қалыптасқан ақпарат алмасу үрдісіне оң баға берді. Оның ойынша, мұндай әрекеттестік БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде бағытты түрде жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
«Бүгін біз ҰҚШҰ мен ЕҚЫҰ -ның әрекет ету аймағындағы жағдайды дамытуға деген көзқарастарымызбен бөлісуге дайынбыз», - деді Н.Бордюжа.
Өз кезегінде Л.Заньер бұл оның ҰҚШҰ-ның штаб-пәтеріне үшінші мәрте келуі екенін атап өтті.
«Менің пайымдауымша, біздің қызметтеріміз бірін-бірі толықтыра түседі. Өйткені бізде ортақ мәселелер көп. Сондықтан мен де әрі қарай жұмысымыз қалай дамиды, практикалық аспектіде ынтымақтастығымыз қалай өрбиді деген мәселелерді талқылауға ынталымын. Бұл кездесуді екі ұйым арасындағы диалогтың жалғасуы деп білем», - деді ол.
Кездесу аясында Н.Бордюжа ЕҚЫҰ басшысын ұжымдық қауіпсіздік аймағындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуде ерекше күш салғаны үшін «ҰҚШҰ-ға 20 жыл» медалімен марапаттады.
Ұйым басшылары трансшекаралық қауіп-қатерге қарсы әрекет ету, лаңкестік және экстремизмге қарсы күрес мәселелері, тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, еуроазиаттық елдердегі қақтығыстардың алдын алу және оларды реттеу, Ауғанстандағы жағдайды талқылайды деп жоспарлануда.
Сонымен қатар, тараптар 5-6 желтоқсанда Кивете өтетін ЕҚЫҰ-ға мүше елдердің сыртқы істер министрлерінің 20-шы кездесуіне дайындық мәселелері жөнінде де сөз қозғамақ.