Мәскеуде үш күн бойы мобильді интернет шектелуі мүмкін
АСТАНА. KAZINFORM — Мәскеу орталығында 27–29 қазанда мобильді интернетке шектеу қойылуы ықтимал, деп хабарлайды ТАСС агенттігі.
Мәскеуде 27–29 қазан аралығында мобильді интернет жұмысына шектеу қойылуы мүмкін. Бұған Газ экспорттаушы елдер форумына (ФСЭГ) қатысушы мемлекеттер басшыларының саммиті және «Ресей – Африка» саммитінің өтуі себеп болмақ. Бұл туралы Ресейдің Цифрлық даму министрлігі хабарлады.
— Шектеулер Мәскеудегі Үшінші көлік айналма жолының аумағында енгізілуі мүмкін. Атап айтқанда, 27 және 28 қазанда Мәскеу уақытымен сағат 11:30-дан, ал 29 қазанда сағат 9:30-дан бастап мобильді интернет жұмысы шектелуі ықтимал, — делінген хабарламада.
Министрліктің мәліметінше, «ақ тізімге» енген ең қажетті әрі әлеуметтік маңызы бар сервистер мен сайттар, сондай-ақ дауыстық байланыс, үйдегі интернет және Wi-Fi қалыпты жұмысын жалғастырады.
Бұған дейін Ресейде Балиден оралған әйелден Зика вирусы анықталғанын жазған болатынбыз.