Ресейде Балиден оралған әйелден Зика вирусы анықталды
АСТАНА. KAZINFORM — Ресейде Зика безгегін жұқтырудың сырттан әкелінген бір жағдайы анықталды. Бұл туралы ресейлік бұқаралық ақпарат құралдарына сілтеме жасаған Report хабарлады.
Ауру Балидегі демалыстан Мәскеуге оралған әйелден анықталған. Ресейдің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау және адам әл-ауқатын бақылау жөніндегі федералдық қызметінің (Роспотребнадзор) мәліметінше, ел аумағында инфекцияның таралу қаупі жоққа шығарылған.
Ведомство өкілдері Ресей аумағында тіршілік ететін масалар қауіпті тропикалық қызбаларды таратушы ретінде жоғары эпидемиологиялық қауіп төндірмейтінін атап өтті.
Бұған дейін Конгода басталған Эбола індеті тағы төрт елге тарағанын жаздық.