16:52, 02 Ақпан 2009 | GMT +5
Мәскеуде Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына қатысушы елдердің отырысы өтеді
АСТАНА. Ақпанның 2-сі. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Мәскеуде ақпанның 4-інде Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына қатысушы елдердің Сыртқы істер және Қорғаныс министрлері, Қауіпсіздік кеңесі хатшылары комитетінің бірлескен отырысы, сондай-ақ ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс отырысы өтеді.

Бұл туралы бүгін Астанада өткен апталық брифингте Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ержан Ашықбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның айтуынша, аталған отырыстар барысында 2008 жылғы желтоқсанның 19-ы мен 21-і аралығында Бурабайда өткен мемлекет басшылары саммитіндегі бастамаға сәйкес ҰҚШҰ-ның ұжымдық жедел әрекет ету күштерін құру мәселесі талқыланбақ.
«Сонымен қатар, Бурабайдағы саммитте қол жеткен келісімдерге сай ЕурАзЭҚ Үкіметаралық кеңесінің отырысында Әлемдік дағдарысқа қарсы қор және Жоғары технологиялар орталығын құру мәселелері қарастырылады»,- деді Е. Ашықбаев.