15:35, 10 Шілде 2016 | GMT +5
Мәскеуде зағиптарға арналған тактильді бақ ашылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жазғы көк майсаның иісін сезіну және гүлдерді ұстап көру - мәскеулік зағип жандар үшін мүмкін емес еді. Енді Мәскеуде зағип және құлағы естімейтін жандар үшін ерекше бақ ашылды, деп хабарлады mir24.tv.
Олар жапырақтарды өз қолдарымен ұстап, иісін сезініп, тіпті дәмін де татып көре алады. Экскурсияда хош иісті жалбыз немесе иваншайдың дәрілік қасиеттері туралы айтылады және арнайы тақтайшадан ақпараттарды оқуға болады.
Мұның бәрі келушілерді табиғатпен етене байланыс орнатуға көмектеседі. Шөп үстінде жатып, тасмүсіндерге қолды жылытып, субұрқаққа қол жууға болады.
Мүмкіндігі шектеулі жандар бақ ішінде өздері немесе волонтер көмегімен қыдыра алады.