05:41, 21 Мамыр 2015 | GMT +5
Мәскеуде зауыт ғимаратындағы лифт үзіліп, ішіндегі адам зардап шекті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеу қаласында бұрынғы АЗЛК автозауыты ғимаратында лифттің темір арқаны үзіліп, кабина ішіндегі болған әйел адам зардап шекті, деп хабарлады «ВВС» агенттігі.

Лифт тросы кабина 1-ші этаж маңайына жеткенде үзілгенімен лифт шахтасының түбі тереңірек жертөледе болған. Кабина ішіндегі әйелдің екі аяғы бірдей сынған.