Мәскеуде «Жыл әні» бағдарламасының бұрынғы жүргізушісі Евгений Меньшов өмірден өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеуде 69 жасқа қараған шағында Ресейдің еңбек сіңірген әртісі Евгений Меньшов көз жұмды, деп хабарлады Би-би-си.
None
None

Журналистерге Меньшовтың әйелі хабарлағандай, оның күйеуі ауруханада дүниеден өткен. Бұған дейін ол ұзақ уақыт бойы сырқаттанған.

«Жыл әні» («Песня года») телебағдарламасы арқылы Евгений Меньшовтың есімі көпшілікке кеңінен танымал болды. Бұл бағдарламаны ол 1998-2006 жылдар аралығында Ангелиной Вовкпен бірге жүргізген. Актер 30 жылдан астам уақыт бойы Горький атындағы Мәскеу драма театрында ойнаған, киноға түсті. Меньшов 20-ға жуық картинаға түскен. 1972 жылы ол алғаш рет «А зори здесь тихие» фильмінде туристің рөлін ойнаған. Кинодағы соңғы жұмысы - экрандарға 2009 жылы шыққан «Естественный отбор» фильмі.

Соңғы жаңалықтар