Мәскеудегі барлық мектеп МАХ мессенджеріне көшіріледі

МӘСКЕУ. KAZINFORM - 1 қыркүйектен бастап ұялы телефон қосымшаларындағы барлық мектеп және ата-аналар чаты ресейлік Max мессенджеріне көшіріледі, деп хабарлады Ресей астанасының әлеуметтік даму мәселелері жөніндегі қала басшысының орынбасары Анастасия Ракова, деп хабарлайды Kazinform тілшісі.

Мәскеудегі барлық мектеп МАХ мессенджеріне көшіріледі
Фото: ТАСС

Шенеуніктің айтуынша, тиісті федералдық заң қабылданған және осыған байланысты 1 қыркүйектен бастап барлық мектептегі ата-аналар чаттары Max мессенджеріне ауыстырылады.

Бұрын шенеуніктер ресейлік білім беру жүйесі Max мессенджеріне мүмкіндігінше жылдам ауысатынын, бірақ бұл ауысуды күшпен жүзеге асыруға болмайтынын мәлімдеген болатын.

Еске салайық, MAX – Ресейдегі VK компаниясының «Ростех» экожүйесіндегі компаниялардың қатысуымен және Ресей Цифрлық даму министрлігінің қолдауымен әзірлеген ресейлік мессенджер.

Ресейде Max мессенджері міндетті болатынын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар