Мәскеудегі өзбек диаспорасының басшысы Сібір өзенін бұру жобасына қайта оралуды ұсынды

Баҳром Исмоилов
Фото: ВВС

АСТАНА. KAZINFORM - Бахром Исмаилов Сібір өзені суының бір бөлігін Орталық Азия елдеріне жіберуді көздейтін «Сібір-Орталық Азия» жобасын қайта іске қосуды ұсынды.

«Мәскеу қаласының өзбек ұлттық-мәдени автономиясы» ұйымының жетекшісі Бахром Исмаилов YouTube желісіндегі арнасында «Сібір – Орталық Азия» жобасын қайта бастау ұсынылатын видео жариялады. 

Оның айтуынша, Орталық Азиядағы су тапшылығы мемлекеттік деңгейде, әсіресе Өзбекстан мен Тәжікстанда сезілуде. Ресейде мұздықтардың еруіне байланысты судың шамадан тыс мөлшері су тасқынының көбеюіне әкеледі.

«Ресейде көптеген ірі өзендер бар екені белгілі, ал Азияда қай кезде де су мәселесі болған. Сол себепті Кеңес одағында Обь өзенінің бір бөлігін Қазақстан жағына бұрып, КСРО Су шаруашылығы министрлігі тарапынан канал құру ұсынылды. Кейінірек ені - 300 метр, тереңдігі - 15 метр, ұзындығы 2500 шақырымнан асатын канал құру жоспарланды», - деді ол.

«Сібір-Орта Азия» арнасы Ресей мен Орталық Азияның шөлейтті аймақтарын сумен қамтамасыз ету, кемелер қозғалысын бастау, Өзбекстан мен Қазақстанның флорасы мен фаунасын өзгерту, ең бастысы – Арал теңізін құтқару сияқты бірқатар мүмкіндіктерге жол ашатын еді.

Бахром Исмаиловтың айтуынша, бұл жобамен ең үздік кеңестік және 160 ғылыми-экономикалық институттардың ғалымдары жұмыс істеген.

1986 жылы «Ертіс-Қарағанды» каналының бір бөлігі құрылысының бірінші кезегі аяқталғаннан кейін КСРО басшылығы бірқатар себептерге байланысты құрылыс жұмыстарын тоқтатты.
Мәскеудегі өзбек диаспорасының жетекшісі канал құрылысын қайта бастауға мүмкіндік бар деп есептейді.

«Әлемдік тәжірибе мұның мүмкін екенін көрсетіп отыр және бүгінде бізде мұндай жобаны жүзеге асыру процесін автоматтандыру және жеңілдету үшін барлық технологиялық мүмкіндіктер бар», - деді ол.

Канал жобасы Ресейдің логистикалық мүмкіндіктерін айтарлықтай жақсартады, яғни, өнімдерді орталық Ресейден Парсы шығанағы елдеріне жеткізіп, Ресей экономикасын нығайтады. Өз кезегінде канал аталған елдердің өнімдерін Ресейге импорттауға мүмкіндік береді. Жоба бүкіл Орталық Азияны ауыл шаруашылығын, құрылысты және өсіп келе жатқан халықты қажетті сумен қамтамасыз етеді.

«Мүмкін, Ресейден Өзбекстанға кемемен бару мүмкіндігі бұйырар?». – дейді Бахром Исмаилов.

Соңғы жаңалықтар