Мәскеудегі халықаралық парламенттік форумға Мәжілістің вице-спикері Сергей Дьяченко қатысуда

АСТАНА. 14 қараша. ҚазАқпарат - Бүгін Мәскеуде Ресей Федерациясы мен Федералдық Жиналысының Конституция қабылдағанына 20 жыл толуына орай екінші халықаралық парламенттік форум басталды. Оған Қазақстан тарапынан Мәжілістің вице-спикері Сергей Дьяченко қатысуда.
None
None

Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметінен хабарланды.

Шараны ұйымдастырушы - Ресей Федерациясы Мемлекеттік Думасы мен Ресей Сыртқы Істер министрлігі және Ресей тарихи қоғамы.

«Конституция. Демократия. Парламентаризм». Басталған форумның жалпы тақырыбы осылай аталып, парламентаризм дамуының келешегін талқылау үшін секциялық отырыстар қарастырылған.

С.Дьяченко жалпы отырыста сөз алып, Қазақстандағы парламентаризмнің бүгінгі даму белестері жайында айтып берді.

Секциялар: «Парламент, демократиялық құндылық пен қоғамдық көзқарастар»; «Саяси және сайлау жүйелерін дамыту: халықаралық тәжірибе», «Конституциялық реформалардың Ресейлік тәжірибесі»; және «Ғаламдағы парламенттік дипломатия» деген әртүрлі тақырыптардан тұрады.

Мәжілістің вице-спикері басқа елдерден келген әріптестерімен де екіжақты кездесулер жасады.

Соңғы жаңалықтар