Мәскеудегі «РИО» сауда орталығы өртеніп жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеудегі Дмитровское шоссесіндегі 163А, 1-інші корпуста орналасқан «РИО» сауда орталығы өртеніп жатыр. Бұл туралы Мәскеу бойынша ТЖҚ баспасөз қызметі хабарлады.
None
None

«17.39-да хабар түсті. Эвакуация жүріп жатыр. Қазіргі уақытта зардап шеккендер жайлы мәлімет түскен жоқ. 17.50-де № 2 деңгейіндегі өрт жарияланды. Жалын шарпыған аумақ есептелуде,-деп мәлім етті ведомостводан. 

«РИО» сауда орталығындағы Burger King мейрамханасының директоры Александр Ивановтың РБК агенттігіне айтуынша, өрт ошағы -мата дүкені. Қою түтінге байланысты сауда орталығынан барлық адам  эвакуацияланды. Қап-қара түтін, лапылдаған жалыннан ештеңе көрінбейді. Қазір онда не болып жатқаны, өртті сөндірудің сәті түсті ме, бізге белгісіз»,- деп қосты ол.

Соңғы жаңалықтар