Мәскеудегі жетекші жоғары оқу орындарының студенттері Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығының болашағын талқылады

МӘСКЕУ. 7 мамыр. ҚазАқпарат - Ресей Сыртқы істер министрлігінің Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтында «Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастықтың 20 жылдығы» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция болып өтті.
None
None

Шара аясында заманауи ығыттар жағдайындағы екі ел арасындағы саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығының мәселелері қарастырылды.

Конференциның ашылуында шетелдік білім алушылармен жұмыс бойынша деканның орынбасары Тамара Сальникованың атап өтуінше, ағымдағы жылы Достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы келісім-шартқа қол қойылғанына 20 жыл, сондай-ақ елдер арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнағанына 20 жыл толады. Жалпы алғанда қарым-қатынастар серпінді даму үстінде, оны нақты өзара жобалар түрінде көруге болады.

Өз кезегінде Қазақстанның Ресейдегі Елшілігінің кеңесшісі Қанат Нұрпейсов Ресеймен көршілік және стратегиялық серіктестік - Қазақстанның басты сыртқы саяси басымдылығы болып табылатыны туралы баса айтты. Дипломат мерейтойлық даталарды тиісінше мерекелеу биылғы жылдың қазан айында өтетінін атап өтті.

«Достық, сенім және тілектестік екі ел халқына біздің ұлтымыз бен діни сенімімізге қарамастан әрқашан тән болған. Бұл біздің серктестігіміздің негізі мен ертеңгі күнге деген сеніміміздің көзі болып табылады», - деп түйіндеді дипломат.

Конференция барысында Ресейдің жетекші ЖОО-ның студенттері қазақстандық-ресейлік қарым-қатынастардың болашағы және аймақтағы интеграциялық үрдістерге әсер ету жағдайы туралы баяндамалар жасады. Конференцияға қатысушылар екі ел арасындағы, соның ішінде әлемдік қауымдастықпен өзара іс-қимылдың жаңартылған күн тәртібін құрудағы қазіргі проблемалық аспектілер туралы пікірлерімен алмасты.

Соңғы жаңалықтар