Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Мәскеудің бірнеше ауданы жарықсыз қалды

АСТАНА. KAZINFORM — 18 тамыз күні кешке Мәскеудің оңтүстік-батысындағы бірнеше ауданда жарық сөніп қалды, оның соңы интернет желісінің бұзылуына әкелді.

Сбой электроснабжения произошел в Москве
Фото: ТАСС

Мамандардың айтуынша, электр қуатының аз уақытқа өшіп қалуы қуат көздерінің технологиялық ауысуымен байланысты.

— Қазіргі уақытта тұтынушыларға электр қуаты әдеттегідей беріліп жатыр, — деп хабарлады Мәскеу қалалық коммуналдық қызметтер арнасы.

Электр қуатының үзілуі трамвай қызметіне де кедергі келтірді.

Сонымен қатар, Ресейдің бірнеше аймағының тұрғындары интернет дұрыс берілмеуіне шағымданды. Атап айтқанда, банк клиенттерінен, онлайн кинотеатрлардан және телекоммуникация операторларынан шағым түсті.

Бұған дейін Тәжікстан мен Қырғызстан аудандары жаппай электр қуатынсыз қалған еді.