Мәскеудің құрылыс алаңындағы өрт: үш адам қаза тапты

АСТАНА.KAZINFORM — Мәскеудің солтүстігінде салынып жатқан көп қабатты ғимаратта өрт шықты, деп хабарлайды ТАСС.  

Мәскеудің құрылыс алаңындағы өрт: үш адам қаза тапты
Фото: Видеодан алынған скрин

— Соңғы мәліметтер бойынша, 31 адам құтқарылды, жеті адам жарақат алды, үшеуі қаза тапты. Ғимараттың екінші қабатынан құтқару жұмыстары жалғасып жатыр, — деп хабарлады Ресей Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Ғимарат ішінде 200-ден астам адам болуы мүмкін.

Өртке ең жоғары деңгейлі күрделілік, бесінші дәреже берілді. 120-дан астам адам және 30 техника жұмылдырылды.

Алдын ала мәлімет бойынша, өрттің себебі жұмысшылар кабинасындағы электр панеліндегі қысқа тұйықталу болуы мүмкін.

— Бұл оқиға бойынша процедуралық тергеу барысы мен нәтижесін прокуратура бақылап отыр, — деп хабарлады Мәскеу прокуратурасының баспасөз қызметі.

Жауған қар мен жел өрт сөндіру жұмыстарына кедергі келтіріп жатыр.

Бұған дейін Мәскеуге жауған қар шамамен 150 жыл бұрынғы рекордты жаңартқаны хабарланған болатын.

Соңғы жаңалықтар