Мәскеуге бет алған Астана ұшағы жолаушыларды Петербургке апарды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана-Мәскеу рейсінің ұшағы әуе торабының жоғары жүктемесінен Шереметьево әуежайына қона алмады.
None
None

Оның орнына әуе кемесі жолаушыларды Петербургте орналасқан запастағы аэродромға жеткізді. Мәскеу әуежайының Қазақстан рейсін қабылдай алмайтыны хабарлануда. Сол себепті ұшақ экипажы Санкт-Петербургке қону туралы шешім қабылдаған. Ұшақ бортында 132 жолаушы болған. Сонымен қатар, ұшақтың отыны азайғандықтан Петербургке бағыт алғаны хабарлануда, деп жазды inforeactor.ru.

Соңғы жаңалықтар