17:56, 23 Ақпан 2016 | GMT +5
Мәскеулік 93 жастағы кейуана бесінші қабаттан құлап кетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеулік 93 жастағы қарт әйел өз-өзін өлтірмекке бел байлап, терезе жақтауына шыққан. Кейуана Элеваторная көшесіндегі үйлердің бірінде бесінші қабатта орналасқан пәтер терезесінен құлады.

Әйел алған жарақаттарынан оқиға орнында мерт болды. Құтқарушылар зейнеткерден секірмеуін сұрағанына қарамастан, қайғылы оқиға орын алған. Бір кезде өз-өзіне қол жұмсамақ болған әйелді секірмеуге көндіргендей де болды, бірақ терезе жақтауына шыққан әйелдің аяғы тайып кетті.
Оқиға орнына келіп жеткен дәрігерлер өлім фактісін тіркеген. Әйелдің жақын-жуықтары оның бұған дейін өзі үшін өмір сүрудің мәні жоқ екенін айтып жүргенін атап өткен.