Мәслихат депутаттары Алматыда 2022 жылы қысқы олимпиада ойындарын өткізуді белсенді қолдады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Мәслихат депутаттары Алматыда 2022 жылы қысқы олимпиада ойындарын өткізуді белсенді қолдады. Бұл туралы олар бүгін әкімдікте өткен жиын барысында мәлімдеді.
None
None

Қалалық маслихаттың экология, денсаулық сақтау, төтенше жағдай мәселелері бойынша комиссия төрағасының орынбасары Павел Беклемишев 8 жыл ішінде қаланың өзекті экологиялық проблемаларын шешу қажеттігін жеткізді.

«Олимпиада тек спорттық шара емес, бұл мәдени байланыс және экологиялық мәселелердің оң шешім табуына ықпал етпек. Қаламызда қазір экологиялық проблемалар өте көп. Ауа бассейнінің тазалығы өте өзекті болып отыр. Бізге ең алдымен тұрақты ластаушы көздерді қысқарту керек. Экологиялық энергия көздеріне, ірі фильтр жүйелеріне көшуіміз керек»,- деді Павел Беклемишев.

Білім, ғылым, мәдениет және спорт мәселелері бойынша комиссия төрағасының орынбасары Рахман Алшановтың айтуынша, Олимпиаданы ұтып алған жағдайда экономикалық тұрғыдан көретін пайдамыз көп болмақ.

«Олимпиаданы ұтып алған жағдайда экономикалық тұрғыдан пайда көреміз. Оны өткізген елдер ешуақытта ұтылған емес, Сочиде адамзат тарихындағы ең қымбат олимпиада өткізілді. Олар 1,5 млрд доллар салды. Орташа арифметикалық көрсеткіштер бойынша әр салынған 1 доллар 2,5-2,7 доллар болып қайтқан. Қала берді, салынған жолдар мен инфрақұрылымдар халықтың игілігіне қалары сөзсіз», - деді Р.Алшанов.

Соңғы жаңалықтар