Мәслихат депутаты Қазақ хандығының 550 жылдығына арнап 550 мың теңгесін берді - Жамбыл облысы

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облыстық мәслихатының кезектен тыс XXXVII сессиясында облыстық бюджетке өзгертулер мен түзету енгізу мәселесін талқылау барысында үнемделген 1 млрд. теңгеден астам қаражатты халық қалаулылары қайда бағыттау қажеттігін талқылады.
None
None

Облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы Жомарт Әмірхановтың сөзіне қарағанда, бұл қаражаттың 900 млн. теңгесі Қазақ хандығының 550 жылдығын тойлауға бағытталады. 500 млн. теңгені «Көне Тараз» тарихи-мәдени кешенінің құрылысына, 250 млн. теңгені этнофестиваль, «Мәңгілік Ел» айтысы және өзге де мәдени-бұқаралық шараны ұйымдастыруға, 120 млн. «Еуразия Барысы» турнирін өткізуге, 30 млн. ақпараттандыруға қосады. Қалған қаржы аймақтағы білім беру, денсаулық сақтау және спорт салаларындағы мәселелерді шешуге бағытталмақ. Сарысу ауданынан сайланған депутат Асаубай Майлыбаев Қазақ хандығының 550 жылдығын жоғары деңгейде атап өтуге үлес қосуға шақырып, сол үшін өзі 550 мың теңге беретінін айтты. Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев мұны жақсы бастама деп атады. Еске сала кетейік, Қазақ хандығының 550 жылдығы биыл елдің барлық аймақтарында мерекеленеді.

Соңғы жаңалықтар