«Масло-Дел» компаниясының май өңдеу зауытында жаңғырту жұмыстары жүргізілді - СҚО

АСТАНА. 13 мамыр. ҚазАқпарат - Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының аясында Солтүстік Қазақстан облысында «Масло-Дел» компаниясының май өңдеу зауытында жаңғырту жұмыстары жүргізілді.
None
None

Қазіргі таңда кәсіпорын тәулігіне 400 тоннаға дейін тұщытылмаған май өндіреді, деп хабарлайды pm.kz сайты.

Компанияның өткен 5 жылдың ішінде іске қосылған барлық зауыттары заманауи еуропалық жабдықтармен жарақталған. Осындай зауыттардың бірі Новоишим май өңдеу зауыты болып табылады.

2010 жылдың аяқ шенінде өндірісті жаңарту жұмысы аяқталды, соның арқасында 2011 жылдан бастап Новоишим селосындағы зауыттың өндірістік қуаты тәулігіне 180 тоннадан 400 тоннаға дейін жетті.

Май зауытын қайта жаңарту жобасы Новоишим кәсіпорнының қуатын арттырып қана қоймай, компанияның басқа да зауыттарының өндірістік қуаттарын қамтамасыз етуге мүмкіндік беріп отыр. Осының арқасында дайын өнімнің бағасы арзандап, өнімнің бәсекеге қабілеттілігі артып отыр.

Соңғы жаңалықтар