«Масс-медиа туралы» заң жобасының жаңартылған нұсқасы наурызда қоғам талқысына ұсынылмақ
Ұлттық медиа қауымдастық өткізген шараға Ақпарат комитетінің төрағасы Елдос Нәшірәлі, департамент директоры Жасұлан Өміралиев және басқа да БАҚ өкілдері қатысты.
«Конференцияда түрлі маңызды сұрақтар көтерілді.Бірінші қаралған мәселе заң жобасында көзделген БАҚ пен журналистерге төтенше жағдай кезінде материалдарды уәкілетті органмен келісу талаптары болды. Көпшілік бұл талаптың орындалуы қиындылығын жеткізді, себебі материал келісілгенше, оқиға туралы деректер өзектілігін жоғалтатытын атап өтті. Осы тұрғыда ешқандай ақпараттың жоқтығы тұрғындар арасында дүрбелең тудыруыда мүмкін. Министрлік пікірлерді қабылдап, бұл тармақты жою немесе түзетулер енгізу мүмкіндігі қазір пысықталып жатқанын хабарлады.
Талқылау барысындағы екінші қызу мәселе – заң жобасынан БАҚ пен журналистерге материалды теріске шығару, алып тастау немесе өзгерту үшін талап қою шарттарына уақыт жағынан шектеу қою сұрағы болды. Бұл туралы пункт заңжобадан алынып тасталғаны дұрыс емес екенін жеткізді. Ж.Өміралиев министрліктің осы пікірмен келісетінін айтып, тармақты заң жобасына қайтару жұмыстары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.
Журналистерге арналған баспасөз картасын енгізу мәселесі талқыланған кезде түрлі пікірлер айтылды. Баспасөз картасының қажеттілігінде айтып, карточканың енгізілуі кейбір журналистердің қызметін шектеу мүмкін дегенде пікірлер айтылды. Министрлік баспасөз картасының енгізілуі журналистерге көбірек мүмкіндік беріп, олардың құқықтарын қорғайтынын жеткізді. Яғни, баспасөз картасы арқылы журналист кез келген мемлекеттік органға міндетті түрде кіре алады, сондай-ақ карточканы көрсеткен кезде полиция митингтер кезінде немесе басқа да адамдар көп жиналатын орындарда жұмыс істегенде журналисті бірінші кезекте қорғайтынында атап өтті», - деді Кемелбек Ойшыбаев.
Талқылаудың нәтижесінде қатысушылар пресс картаның берілу және кері қайтарып алу рәсімдері журналистердің жұмысына кедергі келтірмеуі үшін халықаралық тәжірибені ескере жасау қажеттілігіне назар аударған.
«Сондай-ақ конференцияда YouTube арналарын бұқаралық ақпарат құралдары санатына жатқызу, интернет-теледидар платформаларын реттеу туралы ұсыныстар айтылып, Министрлік ұсыныстарды қарастыруға уәде берді. Жаңартылған заң жобаны министрлік
наурыз айының басында қоғамға көрсетуді жоспарлауда», - деді Ұлттық БАҚ қауымдастығының жетекшісі.