Матаевтар ісі: адвокаттар сотта қолдаухат берген жоқ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сейітқазы Матаев пен оның ұлы Әсет Матаевтың ісі бойынша сот талқылауы Астана қаласы №2 Есіл аудандық сотында басталды. Бұған дейін хабарланғандай, сот процесі ашық өтеді, журналистер сот залынан тікелей эфирде көрсетілетін жеке баспасөз залында жұмыс істейді.
None
None

Сот алдына шыққан оның адвокаттары бірден қандай да бір қолдаухаттары жоқ екенін айтты. Барлық қажетті рәсімдерден кейін мемлекеттік айыптаушы сөз алды.

Оның айтуынша, 2010-2015 жылдар аралығында Сейтқазы Матаев бірнеше рет және Әсет Матаев алдау, сенімді теріс пайдалану жолымен, өзінің қызметтік бабын пайдаланып, аса ірі көлемде - 169 млн теңге мемлекеттік сатып алу саласындағы бюджеттік қаражатты қымқырған. Бұл сома мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыруға арналған. Алайда, Матаевтардың қалтасына түскен.

Бұдан басқа, әкесі - Матаев өзінің жеке беделін пайдаланып, «Қазақтелеком» АҚ-ның 143 млн теңге қаражатын жымқырған. Одан аталған соманы өндіріп алу талапарызын сот залында зардап шеккен тарап мәлімдеді. Атап айтсақ, компания өкілдері бір ауыздан Матаевқа тендер заңсыз берілгенін, орындалған жұмыс актісін ешкім тексермегенін айтты.

Сондай-ақ, Сейтқазы Матаев 200 млн теңгеден астам салық төлемеген. Алайда, бұдан бұрын бұл соманың 47 млн теңгесін қайтарып берген.

Соңғы жаңалықтар