Матаевтың қарамағындағы қызметкерлер сотта мемлекеттік ақпараттық тапсырысты іске асырудағы заң бұзушылықтарды айтты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласы №2 Есіл аудандық соты Сейітқазы мен Әсет Матаев ісі бойынша сот үрдісін жалғастыруда. Сот отырысының кезекті күні сотқа «ҚазТАГ» ХАА қызметкерлері шақыртылды.
None
None

Бұдан бұрын тергеу 2010-2015 жылдар кезеңінде Сейітқазы Матаев ұлы «ҚазТАГ» ХАА» ЖШС бас директоры Әсет Матевпен алдын ала сөз байласу арқылы тұлғалар тобында алдау және сенімді теріс пайдалану жолымен аса ірі көлемде мемлекеттік сатып алу саласындағы бюджеттік қаражатты жымқырғаны анықтады, сома 169 млн теңгені құрайды.

 «ҚазТАГ» ХАА» ЖШС  бас редакторы Татьяна Өтеулиеваның айтуынша, ақпараттық агенттік басшылығы қызметкерлерін мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру бойынша шарттардың техникалық ерекшелігімен таныстырмаған. Осылайда журналистерге нақты тақырыптарды жариялау үшін нақты нұсқау берілмеген.

ҚазТАГ-тың орталық-азиялық әріптестермен өзара іс-әрекеті прокурорлар мен судьялардың ерекше қызығушылығын тудырды. Татьяна Утеулиеваның айтуынша,  КирТАГ, АфТАГ, УзТАГ және  ТаджикТАГ кеңселері Алматыда Ұлттық баспасөз клубы ғимаратында болғанын, яғни агенттікте Орталық Азиядан нақты ешқандай әріптес болмаған, алайда солардың есебінен ҚазТАГ-қа 2014 жылға мемлекеттік ақпараттық тапсырыс берілген.

 «Барлық осы сайттар физикалық түрде Алматыда бір серверге орналастырылды», - деп Татаьяна Утеулиеваның сөзін растады осы сайтқа қызмет көрсететін бағдарламашы Никита Красулин.

«Кей жаңалықтар жабық форматта жарияланды. Жаңалықтардың ашықтығы туралы шешімді Әсет Матаев қабылдады. Жаңалық материалдарына жазылу 5 мың теңге тұрады», - деді ХАА шығарушы редакторы Ирина Гумыркина.

Соңғы жаңалықтар