Матч кезінде алаңға жүгіріп шыққан ит футболшыны қуа жөнелді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Иесіз қара ит Бразилия чемпионаты аясында өтіп жатқан «Бразил де Пелотас» пен «Гояс» командалары арасындағы маңызды матчты үзе жаздады.

Матч кезінде алаңға жүгіріп шыққан ит футболшыны қуа жөнелді

Ойынның қызған тұсында ит алаңға жүгіріп шығып, футболшылардың бірін қуа жөнелді, деп хабарлайды tvzvezda.ru.

Оқиға куәгерлері ғаламтор желісіне салған видеода иттің 26 жастағы Жуниньоның соңынан қалай қуғаны көрініп тұр. Шабуылға ит тек қана осы ойыншыны таңдап алды - басқа футболшылар итті қызықтырмады.

Бұл келеңсіз жағдай бірнеше минутқа созылды.