Матрица: «Қызыл» аймақта 3 қала мен 6 облыс тұр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2021 жылғы 7 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегіведомствоаралық комиссияның Telegram каналына сілтеме жасап.
None
None

«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Маңғыстау және Павлодар облыстары.

«Сары» аймақта: Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстары.

«Жасыл» аймақта: Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстары.


Соңғы жаңалықтар