М.Әуезовтің мемориалды мұражай-үйі – фоторепортаж

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Бүгін — қазақ әдебиетінің классигі, қоғам қайраткері, Қазақстан ғылым академиясының тұңғыш академигі Мұхтар Әуезовтың туған күні. Қазақтың біртуар заңғар жазушысының шығармашылығы мен өмірбаянан сыр шертетін М.Әуезовтің мемориалды мұражай-үйінен фоторепортаж ұсынамыз.

М.Әуезовтің мемориалды мұражай-үйі
Фото: Kazinform/Александр Павский

М.О. Әуезовтің әдеби-мемориалдық мұражай үйі – Алматы қаласының республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің тізіміне енген қала құрылысы және сәулет түріне жататын тарихи нысан.

М.Әуезовтің мемориалды мұражай-үйі
Фото: Kazinform/Александр Павский

Укипедия дерегіне сай, 1949 жылы Сталиндік сыйлықты алғаннан кейін Мұхтар Әуезов М.Төлебаев көшесі 185-үй мекен-жайында орналасқан жер учаскесін екі мұғалімнен сатып алады.

М.Әуезовтің мемориалды мұражай-үйі
Фото: Kazinform/Александр Павский

Осында салынатын үйдің дизайнын жазушы алғашқы Үкімет Үйі (1931 жыл) мен ГАТОБ (қазіргі Абай атындағы Мемлекеттік опера және балет театры) ғимараттарын салған кеңестік танымал сәулетші Георгий Герасимовпен бірге жасайды.

М.Әуезовтің мемориалды мұражай-үйі
Фото: Kazinform/Александр Павский

Екі қабаттан тұратын бұл үйде Мұхтар Әуезов өмірінің соңғы он жылын (1951-1961 жж.) өткізді. Жазушы 1951 жылдың 18 тамызында әдебиет зерттеушісі З.С.Кедринаға жазған хатында бұл үйге жанұясымен 1951 жылы маусымның аяғында көшіп келгенін, ал үй құрылысы 1950 жылдың мамыр айында басталғаны айтылған.

М.Әуезовтің мемориалды мұражай-үйі
Фото: Kazinform/Александр Павский

Қаламгер әйгілі төрт томдық «Абай жолы» эпопеясында осы үйде аяқтаған.

М.Әуезовтің мемориалды мұражай-үйі
Фото: Kazinform/Александр Павский

1961 жылы Мұхтар Әуезовтің дүниеден озуына байланысты ҚазКСР Министрлер Кеңесі жазушы есімін мәңгілік есте қалдыру мақсатында оның тұрған үйін мұражай ету туралы Қаулы шығарады (1961 жылы 10 тамыз).

М.Әуезовтің мемориалды мұражай-үйі
Фото: Kazinform/Александр Павский

1963 жылы қарашаның 28-жұлдызында Мұхтар Әуезовтің әдеби-мемориалдық мұражай-үйі өзінің алғашқы келушілеріне есігін ашты.

М.Әуезовтің мемориалды мұражай-үйі
Фото: Kazinform/Александр Павский

2000 жылдары мұражай М.О. Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының құрамына қосылып, мұражай жанында қосалқы ғимаратта Мұхтар Әуезовтің шығармашылығы мен өмірін зерделеуге бағытталған ғылыми-зерттеу орталығы жұмыс істей бастады.

М.Әуезовтің мемориалды мұражай-үйі
Фото: Kazinform/Александр Павский

Мұражай ұлы жазушының мұрасын жинақтап, насихаттау, шығармашылық өмір жолы мен қоғамдық қызметін, әдебиет саласындағы ізденістерін жан-жақты тану бағытында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді.

М.Әуезовтің мемориалды мұражай-үйі
Фото: Kazinform/Александр Павский

Мұражайда қазақ интеллигенциясының қаймағы болған М. Әуезовтің араласу ортасы, достары мен жақындары тұрғысынан сипаттайтын 11 зал бар.

М.Әуезовтің мемориалды мұражай-үйі
Фото: Kazinform/Александр Павский

Мұхтар Әуезов (1897 – 1961)

Мұхтар Омарханұлы бұрынғы Семей уезі, Шыңғыс болысына қарасты Қасқабұлақ ауылында туған. Жасында Семейдегі медреседе, одан кейін бес сыныптық орыс мектебінде, 1915–1919 жылдары мұғалімдер семинариясында білім алған. 1917 жылы семинарияда оқып жүрген кезінде «Еңлік–Кебек» пьесасын жазады. Яғни төл әдебиетіміздегі алғашқы пьесаның авторы – Мұхтар Әуезов.

М.Әуезовтің мемориалды мұражай-үйі
Фото: Kazinform/Александр Павский

Қаламгер осы пьесасынан кейін «Қорғансыздың күні» атты алғашқы әңгімесі арқылы өзінің жазушылық ерекше дарынын айқын танытты. Сол жылдарда Семейде, Орынборда әр түрлі қызмет істей жүріп, Алаш партиясының көсемдері Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы, басқа да белгілі әдебиет, мәдениет қайраткерлерімен жақындасады. «Абай» журналын шығаруға атсалысады.

М.Әуезовтің мемориалды мұражай-үйі
Фото: Kazinform/Александр Павский

«Оян, қазақ» деп ұран тастаған қозғалыс, олардың демократиялық идеялары Әуезовтің өмірлік мақсат нысанасын белгілеуіне тірек болды. Алашорда қайраткерлері өкімет орындарынан, ресми саясаттан ығыстырыла бастаған соң, 1923 жылдан бастап көркем әдебиет саласына бар күш-қуатын жұмсап, өнімді еңбек етуге кіріседі.

М.Әуезовтің мемориалды мұражай-үйі
Фото: Kazinform/Александр Павский

1923-1926 жылдары «Оқыған азамат», «Қыр суреттері», «Үйлену», «Ескілік көлеңкесінде», «Кінәмшіл бойжеткен», «Қаралы сұлу» әңгімесін жазады. 1923-1928 жылдары Ленинград университетінде оқып, тіл мен әдебиет факультетін бітіреді.

М.Әуезовтің мемориалды мұражай-үйі
Фото: Kazinform/Александр Павский

Одан кейін Ташкентте Ортаазия мемлекеттік университетінің аспирантурасында шығыс фольклоры бойынша маманданды. Ленинградта (қазіргі Санкт-Петербург) оқыған соңғы жылында «ҚарашҚараш» пен «Көксерек» повесін жазып шығарған.

М.Әуезовтің мемориалды мұражай-үйі
Фото: Kazinform/Александр Павский

Мұхтар Әуезов саяси қызметтен бас тартқаннан кейін бірыңғай зерттеуге ойысып, оған ондаған жылдар бойы ұлтшылдық, байшылдық идеяларын жақтаушы деген кінә тағылып келді. Қудалау көріп, 1930–1932 жылдары қамауда болды. Тұтқыннан құтылу мақсатымен ашық хат жазды.

М.Әуезовтің мемориалды мұражай-үйі
Фото: Kazinform/Александр Павский

Әуезовтің тарихи тақырыпқа баруының тамыры тереңде жатыр. «Хан Кене» мен «Қилы заман», «Айман-Шолпан», «Қарақыпшақ Қобыланды» драмалары да осыны аңғартады. Бұлардың кейбіреуі ел арасында кең тараған, бұрыннан белгілі сюжетке құрылса, «Хан Кене», «Қилы заман» тарихта болған нақтылы оқиғаларды арқау еткен.

М.Әуезовтің мемориалды мұражай-үйі
Фото: Kazinform/Александр Павский

Өткен ғасырдың отызыншы жылдары Абай мұрасына әр қилы баға беріліп жүрген кезде Әуезов үшін Абайды тереңдеп, кеңінен тануды өзіне өмірлік мақсат ету - үлкен ерлік те болғаны хақ.

Кесек, кең тынысты, сан миллион оқырмандардың жүрегіне жол табатын көркем шығарма арқылы Абайды әлемге әйгілеу үшін Әуезов қандай қажет болса, Әуезовтің дүние жүзі мәдениетінің биігіне көтерілуіне Абай мұрасы, Абайдың өнерпаздық, ойшылдық дәстүріндей үлкен тірек сондай қажет еді.

М.Әуезовтің мемориалды мұражай-үйі
Фото: Kazinform/Александр Павский

1936 жылы «Қазақ әдебиеті» газетінде «Татьянаның қырдағы әні» дейтін прозалық үзінді жарияланды. Бұл – болашақ романның бір тарауы еді. Осыдан соң, 1940 жылы, Л.Соболевпен бірлесіп «Абай» трагедиясын жазды.

Мұхтар Омарханұлы 15 жыл бой «Абай жолы» атты өзінің 4 томдық даңқты тарихи романэпопеясын жазды. Мұның «Абай» аталған бірінші кітабы 1942 жылы, екіншісі 1947 жылы жарық көрді. Орыс тіліне аударылған. «Абай» романының екі кітабы 1949 жылы 1-дәрежелі КСРО Мемлекеттік сыйлығын алды.

М.Әуезовтің мемориалды мұражай-үйі
Фото: Kazinform

Төрт кітаппен біткен эпопея 1959 жылы Лениндік сыйлыққа ие болды. «Абай жолы» 30 тілге аударылып, дүйім дүние оқырманынан өте жоғары баға алды. Үлкен ғалым, педагог Әуезов қазақ әдебиеті тарихын зерттеу, әдебиет кадрларын даярлау жөнінде шексіз көп еңбек сіңірді.

Абайтану ғылымының негізін салды, көп томды «Қазақ әдебиеті тарихының» қазақ фольклорына арналған томының (1960) негізгі авторы және редакторы болды. Қырғыздың «Манас» эпосы туралы монография жазды.

Соңғы жаңалықтар