20:06, 21 Тамыз 2023 | GMT +5
Мауи аралдарындағы өрттен кейін 1 мыңнан астам адам із-түзсіз кетті
ЛАХАЙНА. ҚазАқпарат - Гавайи губернаторы Джош Грин Мауи аралындағы жойқын орман өртінен кейін 1000-нан астам адам із-түзсіз жоғалғанын мәлімдеді. Іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат The Hill басылымына сілтеме жасап.

Губернатордың айтуынша, 1050 шамасында адам хабар-ошарсыз кеткен.
Зардап шеккендерді іздеу жұмыстары тағы бірнеше аптаға созылады. Бұған іздеу-құтқару топтарының жүздеген мүшесі мен 41 ит жұмылдырылған.
Орман өрті салдарынан зардап шеккен аудандардың 85%-ы зерттелді.
Мауиді шарпыған орман өрті АҚШ-тың қазіргі тарихындағы ең жойқыны болды.
Ресми тұлғалардың бағалауынша, табиғи апаттан кем дегенде 114 адам қайтыс болды, деп хабарлайды NBC News.
Бұрын 2000-нан астам адам жоғалды деп саналды, бірақ ұялы байланыс қалпына келтірілген соң көптеген адамдар жақындарымен сөйлесе алып, бұл сан біршама азайған.
Мұндай жойқын орман өрті құрбандарының санын дәл санау және оларды анықтау үшін айлар, тіпті жылдар қажет болуы мүмкін екені атап өтіледі.