Мәулен Әшімбаев Орталық Азия елдері парламенттерінің басшыларымен кездесулер өткізді

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Парламент Сенатының спикері Мәулен Әшімбаев Орталық Азия елдері парламенттерінің басшыларымен кездесулер өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мәулен Әшімбаев Орталық Азия елдері парламенттерінің басшыларымен кездесулер өткізді

Сенат спикері өзбек тарапына және Өзбекстан Олий Мәжілісі Сенатының төрағасы Танзила Камалқызы Нарбаеваға келесі жылы Самарқанда Орталық Азия мемлекеттерінің парламентаралық екінші форумын өткізуге дайын екендігі үшін алғыс айтты.

Қырғыз Республикасы Жогорку Кенешінің төрағасы Нұрланбек Шакиевпен кездесуде жақында өткен қазақ-қырғыз зиялыларының VII форумының маңыздылығы, халықтарды одан әрі мәдени және рухани жақындастыруға ұмтылысы аталып өтті. Осыған байланысты нақтылық пен практикалық мазмұнға баса назар аударып, парламентаралық бағыттағы өзара іс-қимылды одан әрі күшейту қажеттігі айтылды.

Өзбекстан Республикасы Олий Мәжілісі Сенатының төрағасы Танзила Нарбаевамен кездесуде сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту, бірқатар бірлескен жобаларды іске асыру үшін заңнамалық негіз құруға басты назар аударылды. Сонымен қатар, тараптар білім және мәдениет саласындағы ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын талқылады.

Тәжікстан Республикасы Мәжілісінің төрағасы Махмадтоир Зокирзодамен әңгіме мәдени-гуманитарлық бағыт, сондай-ақ су-энергетика саласындағы өзара іс-қимыл туралы тезистерді қамтыды.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Түркістанда Орталық Азия мемлекеттерінің бірінші парламентаралық форумы өтті.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия мемлекеттерінің Парламентаралық форумына қатысушыларға құттықтау хат жолдады.

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев сөз сөйледі.

Форумының қатысушылары Түркістан декларациясын қабылдады, құжат мәтінін мына жерден оқи аласыз.