Мәулен Әшімбаев утильалым туралы пікір білдірді

Сенат
Фото: ҚР Парламенті Сенаты

АСТАНА. KAZINFORM – Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев утильалымға қарсы петиция туралы пікір білдірді.

«Менің білуімше, петицияға 50 мың адам қол қойған. Сондықтан еліміздің заңдары бойынша уәкілетті орган қарап жатыр. Бұл жағдайда Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі петицияны қарауға алғанын білемін. Жұмыс тобы құрылып, оған қоғам өкілдері де, мүдделі топтар да кірді. Осы жұмыс тобы петицияда айтылған талаптар мен ұсыныстарды қарастырады. Осыдан кейін министрлік қандай да бір ұстанымын әзірлеп, қоғам мен депутаттарға жеткізеді», - деді спикер. 

Мәулен Әшімбаев халықтың утильалымға қарсы петиция бастауына ондағы ақшаның ашық игерілмеуі себепкер болды деп есептейтінін айтты. 

«Бұл жердегі негізгі қорытынды отандық өндірушілерді қолдау болуы керек шығар. Бірақ сонымен бірге халық ондағы ақша қалай игеріліп жатқанын сұрап отыр. Бір нәрсе айқын. Қоғам ондағы ақшаның қалай жұмсалып жатқаны туралы ақпарат тым аз екенін, қандай компаниялар қалай игеріп жатқанын айтып отыр. Осы тұста мәселелер бар сияқты. Үлкен ашықтық керек. Итильалым қалай игеріліп жатқаны туралы халыққа ақпарат керек. Меніңше, мәселе осы жерден туындап тұрған сияқты», - деді Мәулен Әшімбаев.

Соңғы жаңалықтар