04:06, 19 Қазан 2022 | GMT +5
Маунтинбайктен Азия чемпионатына қатысатын спортшылар аталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Маунтинбайктен Қазақстан ұлттық құрамасы 19-23 қазан аралығында Сунчхонда өтетін Азия чемпионатына қатысу үшін Кореяға аттанды. ҚазАқпарат бұл туралы Ұлттық Олимпиада комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.
Ел намысын қорғайтын спортшылар:
Ерлер: Темірлан Мұхамедиянов
Әйелдер: Алина Сарқұлова, Татьяна Гегелева
Андерлер: Денис Сергиенко, Егор Карасев, Алтынбек Аханов
Жасөспірім ұлдар: Никита Галкин, Константин Шинкарук, Константин Казаков, Алексей Фефелов
Жасөспірім қыздар: Алина Спирина, Виолетта Казакова
19 қазанда қатысушылар эстафетада медальдар үшін таласады. 21-22 қазанда XCO-дан (кросс-кантри олимпик) жарыстар өтеді. Турнирдің соңғы күні қазақстандықтар XCE-ге (кросс-кантри шорт-трек) қатысады.
Фото: olympic.kz