Маусым айында ауа райы қандай болады — Қазгидромет болжамы

АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК 2025 жылдың маусым айына арналған Қазақстан бойынша консультативтік ауа райы болжамын жария етті.

лето, погода, природа, цветы, тюльпаны, ботанический сад, парк
Фото: Александр Павский / Kazinform

Маусым — жаздың алғашқы айы. Биыл бұл айда ауа райы құбылмалы болады деп күтіліп отыр. Елдің әр аймағында ыстық пен салқын күндер алма-кезек ауысып, найзағай, жаңбыр, бұршақ, қатты жел, кей күндері шаңды дауыл болуы мүмкін.

Бірінші онкүндік

Жоғары температуралық фонның әсерінен бүкіл республика бойынша найзағайлы, өткінші жаңбыр жиі жауады.

  • Кей күндері салқын Атлантикалық ауа массалары келіп, ауа температурасы төмендейді:

— Батыс өңірлерде түнде +17…+22°C-тан +7…+12°C-қа дейін, күндіз +27…+32°C-тан +20…+25°C-қа дейін төмендейді.

— Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе, Қостанай, Ұлытау облыстарында түнде +18…+28°C-тан +12…+23°C-қа дейін, күндіз +30…+38°C-тан +20…+30°C-қа дейін төмендейді. Бірақ онкүндіктің соңында қайта +25…+32°C-қа дейін жылынады.

Солтүстік, орталық және шығыс өңірлер

  • Солтүстік пен орталықта бірінші онкүндіктің ортасында ыстық бәсеңдейді:

— Түнде +10…+15°C, кей жерлерде +7°C-қа дейін;

— Күндіз +25…+30°C-тан +18…+25°C-қа дейін төмендейді.

— Шығыста түнде +10…+15°C, оңтүстігінде +20°C, күндіз +22…+30°C, кей жерлерде +35°C-қа дейін жылы болады.

— Екінші онкүндіктің басында аздаған салқындау байқалады.

Оңтүстік пен оңтүстік-шығыс

  • Оңтүстікте және Жамбыл облысында тіпті түнде де ыстық күтіледі:

— Түнгі температура +20…+28°C;

— Күндіз +35…+43°C дейін көтеріледі;

— Онкүндіктің соңына қарай сәл салқындайды — +28…+33°C.

  • Алматы мен Жетісу облыстарында ауа біртіндеп жылынады:

— Түнде +10…+20°C;

— Күндіз +20…+35°C;

— Таулы аймақтарда түнде +2…+12°C, күндіз +10…+30°C.

Екінші және үшінші онкүндік

  • Батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыста ең ыстық күндері температура +33…+40°C, кей жерлерде +43°C-қа дейін жетеді.

  • Салқын күндері +22…+27°C шамасында.

  • Солтүстік, орталық және шығыста ауа температурасы түнде +15…+23°C-тан +2…+10°C-қа дейін, ал күндіз +25…+38°C-тан +15…+27°C-қа дейін ауытқиды.

Бұған дейін Қазгидромет ауа райына байланысты бірқатар өңірде ескерту жариялады.

Соңғы жаңалықтар