Маусым айында рубль-теңге саудасы екі есе артқан

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстан қор биржасының басқарма төрайымы Алина Алдамберген өткен айда рубль-теңге саудасы қатты артқанын айтты.

Астана ва Алмати валюта айирбошлаш шохобчаларида доллар ва рубль қанчадан сотилмоқда
Фото: pixabay.com

«Менің қолымда рубль-теңге саудасының мәліметтері бар. Маусым айында рубль-теңге саудасы мамыр айымен салыстырғанда 2 есе өскенін көріп отырмыз. Алғашқы бес айда рубль-теңге жұбының орташа айлық сауда көлемі 191 млрд теңге болса, маусым айында 366 млрд теңгеге жетті. Яғни, 1,92 есе өсім бар», - деді ол баспасөз мәслихатында.

Қор биржасының басшысы бұл қаншалықты ұзаққа созылатынын сұраныс болатынын уақыт көрсетеді деп отыр.

«Бұл жерде кейде маусымдық сұраныс болып жататынын атап өту керек. Сондықтан бұл жолғы сұраныс қанша уақытқа баратынын қарау керек. Мысалы, ақпан айында да сұраныс көлемі үлкен болған – 292 млрд теңге. Жылдық орташа көлем де 2 еседей өскен», - деді Алина Алдамберген.

Соңғы жаңалықтар