Маусым айының соңғы күндері Астана, Алматы, Шымкентте ауа райы қандай болады

АСТАНА.KAZINFORM – «Қазгидромет» РМК синоптиктері 28 - 30 маусым аралығында еліміздің ең ірі үш қаласына арналған ауа райы болжамын жариялады.

Тополиный пух Терек мамығы лето жаз
Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform

Синоптиктердің болжамы бойынша, бұл күндері Астанада жауын-шашын жауады, ал Шымкент пен Алматыда аптап ыстық болады.

Астана қаласында 28 маусымда ауа райы құбылмалы болады. Күн бұлтты болады, күндіз жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, түнде 3-8, күндіз 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде 13-15, күндіз 25-27 градус жылы.

29 маусымда күн бұлтты болады, өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ауа температурасы түнде 13-15, күндіз 20-22 градус жылы.

30 маусымда күн бұлтты, өткінші жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыстан 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде 11-13, күндіз 22-24 градус жылы.

Алматы қаласында 28 маусымда күн бұлтты болады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 17-19, күндіз 29-31 градус жылы.

29 маусымда күн бұлтты болады, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын жел 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде 18-20, күндіз 31-33 градус жылы.

30 маусымда күн бұлтты, түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан 3-8 жел соғады, түнде екпіні 13 м/с. Ауа температурасы түнде 18-20, күндіз 28-30 градус жылы.

Шымкент қаласында 28 маусымда күн бұлтты болады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыстан 8-13, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 17-19, күндіз 33-35 градус жылы.

29 маусымда күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 8-13, түнде екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 16-18, күндіз 31-33 градус жылы.

30 маусымда күн бұлтты болады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан 8-13 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 16-18, күндіз 32-34 градус жылы.

Айта кетейік, Чилидің солтүстігіндегі ең құрғақ Атакама шөлін қар басып қалды.

Соңғы жаңалықтар