Маусымдық шетелдік жұмысшыларды тартқан жұмыс беруші қанша салық төлейді – қаулы жобасы

АСТАНА. KAZINFORM – «Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты бергені немесе ұзартқаны үшін алым мөлшерлемелерін белгілеу туралы» Үкіметі қаулысына өзгерістер енгізіледі. Құжат жобасы ашық НҚА порталында жарияланды. 

Маусымдық шетелдік жұмысшыларды тартқан жұмыс беруші қанша салық төлейді – қаулы жобасы
Фото: Polisia.kz

Енгізілетін өзгерістерге байланысты заңды тұлғаларға келесі мамандықтар бойынша маусымдық шетелдік жұмыскерлерді тартуға мүмкіндік беріледі:

- құрылыс саласындағы біліктілігі жоқ жұмыскерлер - жан жақты жұмыскерлер;

- абаттандыру саласындағы біліктілігі жоқ жұмыскерлер;

- қызмет көрсету саласындағы біліктілігі жоқ жұмыскерлер және т. б.

Бұдан басқа, «Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты бергені немесе ұзартқаны үшін алым мөлшерлемелерін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 3 сәуірдегі № 157 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына өзгерістер енгізілді, онда маусымдық шетелдік жұмыскерлерді тарту кезінде салық алымдарының мөлшерлемелерін белгілеу бойынша өзгерістер көзделеді.

Осылайша, маусымдық шетелдік жұмысшыларды тарту үшін жұмыс беруші келесі салық төлемін енгізуі керек:

1. 90 күнтізбелік күнге дейін – айлық есептік көрсеткіштің 30 еселенген мөлшері;

2. 180 күнтізбелік күнге дейін – айлық есептік көрсеткіштің 60 еселенген мөлшері;

3. 270 күнтізбелік күнге дейін – айлық есептік көрсеткіштің 90 еселенген мөлшері;

4. 365 күнтізбелік күнге дейін – айлық есептік көрсеткіштің 120 еселенген мөлшері. 

Айта кетелік 2026 жылдан бастап шетелдіктерді жұмысқа тарту ережелері жаңартылады

Соңғы жаңалықтар