Маусым айында АӨІСШК -нің төрағалығы Түркияға өтеді

СТАНА. Мамырдың 25-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай / - Алдағы маусым айында Ыстамбұлда Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің саммиті болады.
None
None

Онда аталмыш кеңестің төрағалығы Түркияға өтеді. Бұл туралы бүгін Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен болған келіссөздерден кейінгі баспасөз мәслихатында Түркия Президенті Абдолла Гүл мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, бұл Түркия үшін өте маңызды оқиға болып табылады. Осы орайда Түркия аталмыш миссияны табысты атқаруға және өңірдегі, атап айтқанда Ауғанстандағы, Пәкістан мен Үндістан арасындағы, Израиль мен араб әлемі арасындағы проблемалық мәселелерді, сондай-ақ Иранға қатысты мәселелерді шешуге елеулі үлес қосуға тырысатын болады.

«Тұрақтылық жоқ жерде бақыт та, байлық та жоқ. Сондықтан АӨІСШК аясындағы қызметтің маңызы зор. Өңірлік проблемаларды шешуде ЕҚЫҰ қазіргі таңда маңызды нәтижелерге қол жеткізуде», деді Түркия Президенті.

Оның айтуынша, Азия өңірінде қазіргі таңда көптеген проблемалар бар. Сол проблемалардың әскери қайшылықтарға ұласып кетпеуі және әскери іс-қимылдарға жол бермеу үшін тиісті шаралар қабылдау қажет. Ол проблемаларды дипломатиялық жолмен шешкен жөн.

Соңғы жаңалықтар