Маусым айында Қазақстанда азық-түлік тауарлардың бағасы өткен жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 5,1 пайызға артты

АСТАНА. Шілденің 1-і. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - 2010 жылғы маусым айында Қазақстанда азық-түлік тауарлардың бағасы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,1 пайызға артты.
None
None

ҚР Статистика агенттігінің мәліметтеріне сүйенсек, ағымдағы жылғы маусымда өткен жылдың осындай кезеңіне қарағанда қанттың бағасы - 25 пайызға; кофе, шәй және какао - 12,7; кондитерлік тағамдар - 8,4; май және тоң май - 8,1; сүт өнімдері - 6,4; алкогольді сусындар - 5,6 және тоқаштар мен ұн өнімдері - 4,9 пайызға артты.

Бағаның төмендеуі ұнға - 18,2 пайызға; жармаларға - 6,1; нанға - 2,2; көкөністер мен жемістерге - 2 және макарон өнімдеріне - 1 пайызға байқалды.

Сонымен қатар, аталмыш уақыт аралығында ет және ет өнімдері 9,4 пайызға қымбаттай түсті. Мәселен, шошқа етінің бір келісі - 10,2 пайызға; қой еті - 5,3; жылқы еті - 4,1; құс еті - 2,7 және шұжық өнімдері - 8,2 пайызға жоғарылады.

Соңғы жаңалықтар