Маусым айының соңына дейін цифрлық теңгеге қатысты тиісті әдістеме жарияланады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Ғалымжан Пірматов елімізде «цифрлық теңгені» енгізуге қатысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бастапқыда біздің жоспар бойынша осы жылдың ортасына дейін әдістемені қабылдау ескерілген еді. Осы орайда цифрлық теңгеге қатысты биылдың соңына дейін шешім қабылдаймыз. Сондықтан цирфлық теңгені енгізу мерзімін кейінге шегеру мәселесі қаралып отырған жоқ. Жоспарға сәйкес маусым айының соңына дейін тиісті әдістемені жариялаймыз. Ал жыл соңына дейін осы әдістеме бойынша цифрлық теңгені енгізу туралы шешім қабылдаймыз», - деді Ғ.Пірматов елордада өткен баспасөз мәслихатында.

Бұған дейін хабарланғандай, Мемлекет басшысы цифрлық теңге енгізу мәселесін қарастырған жөн екендігін айтқан еді.

Бүгінгі баспасөз мәслихатында Ұлттық банк төрағасы базалық мөлшерлемені 14 пайыз деңгейінде сақтауға қатысты пікір білдірді.

Жылдық мәнде инфляция мамырда 14 пайызға жетті.

Сонымен қатар Ғ. Пірматов осы жылдың қорытындысы бойынша инфляцияны 13-15 пайыз деңгейінде болуы мүмкін екенін айтты.



Соңғы жаңалықтар