Маусымда банкаралық депозиттердің көлемі 33,9 пайызға ұлғайды

АЛМАТЫ. Шілденің 14-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Маусым айында орналастырылған банкаралық депозиттердің жалпы көлемі мамырмен салыстырғанда 33,9 пайызға ұлғайып,
None
None

баламасы 3742,0 миллиард теңге болды. Бұл жайлы бүгін Алматыда Ұлттық банк төрағасы Григорий Марченко өткізген баспасөз мәслихатында айтылды.

Банкаралық теңгелік депозиттердің көлемі 23,2 пайызға өсіп, 1478,8 миллиард теңгені құрады. Бұл орналастырылған депозиттердің жалпы көлемінің 38,5 пайызы. Ондағы орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі алдыңғы айдағы 0,92-ден маусымда 0,83 пайызға дейін төмендеді. Ұлттық банктің банктерден тартқан депозиттерінің көлемі екінші тоқсанның соңғы айында мамырмен салыстырғанда 1114,4 миллиард теңгеге дейін 3,5 пайызға төмендеді.

Мамырмен салыстырғанда маусымда орналастырылған доллардағы депозиттердің көлемі 62 пайызға ұлғайып, 12,6 миллиард долларды құрады. Бұл депозиттердің жалпы көлемінің 48,3 пайызы. Оның орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 0,21-ден 0,36 пайызға дейін өсті. Еуромен орналастырылған депозиттердің көлемі 2,6 миллиард еуроны құрап, 1,4 пайызға ұлғайды. Бұл депозиттердің жалпы көлемінің 12,2 пайызы. Ондағы орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 0,25-тен 0,26 пайызға дейін өсті. Ал орналастырылған депозиттердің жалпы көлемінде рубльдің үлесі - 1,1 пайыз. Шетел валютасындағы банкаралық депозиттердің үлесі маусымда орналастырылған депозиттердің жалпы көлемінен 58,2 пайыздан 61,5 пайызға дейін ұлғайды. Резидент емес банктерде орналастырылған шетел валютасындағы депозиттердің үлесі 58-ден 61,4 пайызға дейін артты.

Соңғы жаңалықтар