07:59, 24 Сәуір 2013 | GMT +5
Мавритания халқының 20 пайызы - құлдықта
АСТАНА. 24 сәуір. ҚазАқпарат - Мавританияда құлиеленушілік ресми түрде 1905, 1881 және 2007 жылдары алынып тасталғанымен, іс жүзінде құлдық жойылған жоқ.
Бұл елдің халқының 20 пайызы, яғни 3 млн жұртының 600 мыңдайы құлдық қамытынан босай алмай отыр, деп жазады «Алаш айнасы» басылымы.
Құлдардың ешқандай саяси және экономикалық құқы, тіпті фамилиясы да жоқ. Ал олардың балалары автоматты түрде құлиеленушілердің меншігіне айналады. Жас бала 500 долларға, кәсіпті меңгерген бозбала 2500 долларға құлдыққа сатылатын көрінеді. Құлдар негрлер (елдің 40 пайызына жуық) болса, олардың қожайындары - сол елдің 30 пайызын құрайтын берберлер