Май ауданындағы ішкі істер бөлімінде ұсталған адамдарды қамау үшін жағдай жасалмаған - Павлодар облысының прокуратурасы

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. Қыркүйектің 23-і. ҚазАқпарат /Николай Кузнецов/ - Май ауданының қадағалаушы органы әкімшілік жазаға тартылған адамдарды қамау тәртібі бұзылғандығын анықтады,
None
None

деп хабарлады Павлодар облысының прокуратурасы.

Аудандық ішкі істер бөлімінде арнайы қабылдау бөлімі жоқ. Қолға түскендер екі шаршы метрге жетпейтін аумақтағы бөлмеге қамалып келген. Бөлме адамдарды ұзақ мерзім бойы ұстауға арналмаған, тұтқындалғандардың төсек жабдықтары мен ұйықтайтын орындары да жоқ. Тексеру барысында ауданда қамалған адамдарды қаржыландыру қаралмағандығы, сондықтан тұтқындар өз қаражаты есебінен тамақтанып келгендігі анықтады.

Аудан прокуратурасы осы құқық бұзушылықтарды ескере отырып, әкімшілік жазаға тартылғандарды аудандық ішкі істер бөлімінде ұстауға тиым салды.

Соңғы жаңалықтар