Майк Тайсон өзінен 31 жас кіші боксшымен жұдырықтаспақшы

АСТАНА. KAZINFORM – Аты аңызға айналған боксшы Майк Тайсон (50-6-0,44КО) кәсіпқой рейнгке оралуды жоспарлап отыр.

Майк
Фото: boxingscene.com

boxingscene.com сайтының хабарлауынша, 5/8 жастағы Майк Тайсон 15 қараша күні Арлингтон (АҚШ) қаласындағы AT&T стадионында шаршы алаңға оралып, өзінен 31 жас кіші танымал блогер Джейк Полмен (10-1-0,7КО) жұдырықтасады.

Жепе-жек Netflix платформасында көрсетіледі, кәсіпқой бокс ережесімен 8 раундқа жоспарланған.

Айта кетейік, Майк Тайсон кәсіби мансабын 2005 жылы аяқтаған. Ол WBA, IBF және WBC нұсқасы бойынша ауыр салмақ категориясындағы әлем чемпионы атанған.

2020 жылы Майк Тайсон танымал боксшы Рой Джонспен жұдырықтасып, тең нәтижемен аяқталған болатын.

Джейк Пол – Америкадағы танымал блогер. Ол блогер және әуесқой боксшы, бұрынғы MMA чемпиондарымен кәсіпқой бокста жұдырықтасып келеді.

Еске сала кетейік, Тайсон-Пол айқасы 20 шілдеде өтуі керек болатын. Алайда жекпе-жек Майк Тайсонның денсаулығына байланысты кейінге шегерілген.

Соңғы жаңалықтар