Майк Тайсон жекпе-жек алдында қарсыласына қол жұмсады

АСТАНА. KAZINFORM – Аты аңызға айналған боксшы Майк Тайсон (50-6-0,44КО) ертең кәсіпқой рингке қайта оралады.

Майк Тайсон
Фото: Әлеуметтік желіден

Бүгін, 58 жастағы Майк Тайсон өзінен 31 жас кіші америкалық танымал блогер Джейк Полмен (10-1-0,7КО) айқас алдында салмақ өлшеп, көз арбасты. Алайда, аңыз боксшы ашуға бой алдырып, қарсыласын шапалақпен ұрып жіберді. Бұл туралы видео әлеуметтік желіде жарияланды.

Тайсон таразыда 228.2 фунтты(103.5 келі), ал Пол 227.2 фунтты (103 келі) көрсетті.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Майк Тайсон және Джейк Пол жекпе-жегі Арлингтон (АҚШ) қаласындағы 80 мың адамдық AT&T стадионында өтеді. 

Айта кетейік, жекпе-жек Netflix платформасында көрсетіледі. Кәсіпқой бокс ережесімен 2 минуттан 8 раундтық жекпе-жек өтеді деп жоспарланып отыр.сондай-ақ, айқас қортындысы спортшылардың карерасындағы ресми жекпе-жек болып саналмақшы.

Еске салсақ, Майк Тайсон 2020 жылы 29 қарашада төрт салмақ дәрежесіндегі әлемнің экс-чемпионы Рой Джонспен жұдырықтасып, тең нәтижемен аяқталған болатын. 

Соңғы жаңалықтар