08:46, 29 Қараша 2011 | GMT +5
«Майқапшағай-Омбы» автожолында ірі жол апатында 4 адам көз жұмды, 3-еуі жарақаттанды
ТАНА. 29 қараша. ҚазАқпарат - «Майқапшағай-Омбы» автожолында екі автокөлік соқтығысып қалды, 4 адам оқиға орнында жан тәсілім етті.

ҚР ТЖМ-нан мәлім еткендей, 28 қараша күні, күндіз «Майқапшағай-Омбы» күре жолының 775-інші шақырымында, Семей қаласынан 8 шақырым жерде екі «Тойота» көлігі соқтығысып қалды.
Жол апаты салдарынан машиналардың бірінің жүргізушісі мен оның үш жолаушысы сол орында көз жұмды. Қаза болғандардың арасында жаңа туған нәресте бар. Осы көлікте болған тағы бір жолаушы ауруханаға жеткізілді.
Екінші «Тойотаның» жүргізушісі мен ішінде болған жолаушы түрлі жарақаттар алды, олар ауруханаға жеткізілді.