Майқайыңалтын аумағында құтқарушылар қауіпті жағдайда жұмыс істеп жатыр

Шағын көлемді экскаватормен шұңқырдан шамамен 850 текше метр топырақ шығарылды. Осылайша екінші экскаватордың жұмыс істеуіне мүмкіндік беретін орын ашылды. 

майқайыңалтын апаты
Фото: Павлодар облысы ТЖД

20 қаңтарда барлық қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып екінші шағын экскаватор іске кірісті. Оның көмегімен үлкен көлемді тастар мен тау жыныстары автобустың болжамды орнынан алынады.

құтқару
Фото: Павлодар облысы ТЖД

Павлодар облысы ТЖД құтқарушылары шұңқыр түбіндегі екі экскаваторшы мен басқа да мамандардың жұмысын сақтандыруда және қауіпсіздігін қамтамасыз етуде. Жанармай, тамақ, маркшейдерлер, сондай-ақ табылған заттарды көтеру жұмыстары жүргізілуде.

Сканерлеу арқылы шұңқырдың шетінен тастардың қозғалысы мен құлауын бақылау тәулік бойы жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, экскаваторлардың бағытын үйлестіру үшін шұңқырдың түбін гесканизациялау жүргізілді.

құтқару
Фото: Павлодар облысы ТЖД

Жұмыс нөлден төмен температурада жүргізілуде және топырақтың үнемі сырғуы жұмысты қиындатуда.

Іздеу жұмыстарына барлығы 147 адам, 45 бірлік техника, 3 кинологиялық есеп және 2 ұшқышсыз ұшу құрылғысы жұмылдырылған.

Соңғы жаңалықтар