«Майқайыңалтын» қандай жағдайда жұмысын жалғастырады
АСТАНА. KAZINFORM – ҚР ТЖМ өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Мұса Танабаев «Майқайыңалтын» АҚ кәсіпорнының байыту фабрикасы қандай жағдайда жұмысын қайта жандандыратынын айтты.
19 ақпанда «Майқайыңалтынға» қарасты кен байыту фабрикасы 1 сәуірге дейін жұмысын тоқтатқан еді.
«Апат кезінде зауытта бір жарым айға шикізат қоры болды. Мұның бәрі қолданылды. Қазір шикізаттың болмауына байланысты зауыт тоқтап тұр», - деп түсіндірді Мұсан Танабаев Үкімет кулуарында.
Оның айтуынша, кәсіпорын тергеу фактісінде көрсетілген белгілі бір шараларды жүргізуі керек.
«Біріншісі – опыру салдарының сын-қатерлерін бағалауға ғылыми сараптама жүргізу. Бос қалған кеңістікте алда не болары белгісіз. Екіншісі – маңдайшалардың санын анықтау және оларды орнату. Олар жұмысшыларды соққы толқынынан қорғау үшін қажет», - деді М.Танабаев.
Спикер бұл шараларды орындау өнеркәсіптік қауіпсіздік жағдайларын қамтамасыз ету үшін қажет екенін айтты. Егер «Майқайыңалтын» АҚ бұл іс-шараларды 30 наурызға дейін орындаса, онда кәсіпорын жұмысын қайта бастауы мүмкін.
Еске сала кетсек, 4 қаңтар күні «Майқайыңалтын» кен орнында үлкен ойық маңындағы топырақ опырылып, 4 адам мінген автобус жер астына түсіп кеткен болатын. Екі адам қайтыс болып, екі адам әлі табылмады.