16:14, 28 Қараша 2018 | GMT +6
Майқайың - Екібастұз тас жолында автобус жанып кетті
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Майқайың кентінің жанында автокөлік отқа оранды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, сағат 10.30-да көліктің өртенгені туралы кезекшілік бөліміне хабарлама түскен. Сағат 11.10-да толығымен сөндірілген.
«Майқайың - Екібастұз тас жолындағы автобустың 17 шаршы метр аумағы толығымен жанып кетті. Көлік «Майқайың-Алтын» АҚ Талдыкөл разрезіне тиесілі. Құтқарушылар келгенге дейін разрездің алты жұмыскері өздігінен сыртқа шыққан», - дейді департаментте.
Оқиға орнында жеке құрамнан үш адам мен бір техника жұмыс істеді. Қазіргі таңда келтірілген шығын көлемі мен өрттің шығу себебі анықталуда. Зардап шеккендер жоқ.
Посмотреть эту публикацию в Instagram