Майкл Джексонның өлімінің себебі жарияланды

Дәл осы құжат бұған дейін полицияның Джексонның емдеуші дәрігері доктор Конрад Мюррейдің кеңсесін тінтуіне негіз болған еді, деп хабарлайды «Маяк» радиостансасы.
Мюррей Калифорния, Невада, Техас штаттарында жұмыс істейтін тәжірибелі дәрігер. Қайғылы оқиға болған кезде ол Джексонның қасында болған еді. Лос-Анжелес полициясы әншінің кенеттен қайтыс болуын «қасақана жасалмаған кісі өлтіру оқиғасы» деп қарастыруда. Әншінің жүрегі «Пропофол» препаратының салдарынан тоқтап қалуы әбден мүмкін.
"Пропофол" ауруханаларда хирургиялық операциялардың алдында науқастарды ұйықтатып тастау үшін қолданылады. Ондай наркозды жасау тек тәжірибелі анестезиологтарға ғана сеніп тапсырылады.
Джексон көптеген жарақаттар мен пластикалық операциялардың салдарынан пайда болған созылмалы ұйқысыздық пен ауырсыну синдромдарын жеңу үшін күшті әсер ететін дәрілер қабылдап келген деген күдік бар.